«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Вознесенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Вознесенка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тест "Оқу сауаттылығы "

07.02.2019

 

 Чтение

Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

Отаным – алтын ұям, бесігім

Әрбір жанға өзінің отбасы, туған-туыстары, жолдастары ыстық болса, Отан да адам баласына солай ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс – күймейсің» – деген мақал бар. Расында да, егер Отан үшін жаныңды қисаң, ол – үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты өлмейді, тарихта мәңгі қалады. Отан – сенің туып өскен, кіндік қаның тамған жер, ата-анаң, досың. Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмыз. Қазақстандай еліміздің болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсек де мақтана аламыз. Қазақстан жер көлемі жағынан дүние жүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық.

Қазақ елінде 17 млн. халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл арқылы қазақ халқының өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан халық екеніне көз жеткізуге болады.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар. Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан, өзінің ұлттық валютасы да бар. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды.

Қазақстан – өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктер де мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы 10-15 жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын өркендетіп, ішкі-сыртқы саясатын дұрыстады.

 1. Мәтіннен Отанға деген махабаттың немен тең екенін табыңыз.

A) Әкеге деген махаббатпен          B) Балаға деген махаббатпен

C) Ініге деген махаббатпен               D) Анаға деген махаббатпен

E) Ағаға деген махаббатпен

 2. Қазақстан Тәуелсіздігінің белгісі дұрыс жазылған қатар.

A) Ұлан байтақ жері, пайдалы қазбалары.    B) Түрлі ұлт өкілдері, ұлттық валютасы.

C) Ішкі, сыртқы саясаты.       D) Рәміздері, ұлттық валютасы

E) Әсем табиғаты, пайдалы қазбалары.

 3. Қазақстанның жер көлемі бойынша дүние жүзі бойынша алатын орнын анықтаңыз.

A) Алтыншы.        B) Оныншы.       C) Сегізінші.    D) Жетінші.   E) Тоғызыншы.

 4. Отан деген ұғымға сәйкес келмейтін нұсқа.

A) Туған жерің, босағаң.          B) Ата-анасы, отбасы, елі. C) Алтын ұя – мектебім.

D) Туып-өскен жерің.    E) Кіндік қаның тамған жер.

 5. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге болып қай жылы қабылданғанын анықтаңыз.

A) 1991 ж. 15 қараша.          B) 1993 ж. 15 қараша.      C) 1995 ж. 15 қараша.

D) 1992 ж. 15 қаңтар.     E) 1993 ж. 17 желтоқсан.

 

 

 

Инструкция: «Внимательно прочитайте текст и выполните задания по тексту».

Бейбарыс сұлтан (1223-1277жж.)

Мәмлүк мемлекетінің төртінші сұлтаны Рукн ад-дин Бейбарыс – Әл-Мансури Әл-Мысридің тағдыры өте қызықты және қарама-қайшылықтарға толы. Бейбарыстың әкесі – Жамақ, анасы – Әйнек. Ол хорезмдік бербендік қыпшақ. Оның ақсүйектер руынан шыққанын тарихшылар дәлелдеген. Оның құлдыққа қалай түскендігі туралы екі мәлімет бар. Алғашқысы бойынша, әскери жорықтардың салдарынан, екіншісі бойынша, әкесінің жаулары оны құлдыққа сатып жіберген. Бейбарыс – қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне дейін көтеріле алған адам.

Мәмлүк мемлекетінің іргесін Мұхамед пайғамбар мұрагерлерінің арасындағы көп жылдық қақтығыстар мен қызу тартыстардан кейін оның қызы Фатима мен күйеу баласы Ғали-Арыстан қалады. Өз мемлекетін жаудан қорғауда олар жергілікті халыққа емес,  күшті де  қайратты  қыпшақ жігіттеріне иек  артты. Ал 1217 жылдан бастап исламның сопылық  бағытқа көшуіне байланысты, әскерге түріктің ұлдары іріктелініп алына бастады, бұл әскери төңкерістердің алдын алудың қамы еді. Мысыр сұлтаны күзет үшін жігіттерді итальян көпестестерінен сатып алды. Осылайша Бейбарыс та Дамаскіде 800 дирхемге сатылған болатын. Мұнда ол өз жерлестерімен қауышты. Бейбарыс өзін әскери өнердің шебері ретінде таныта білді. Мысыр сұлтаны Аюби оны өзінің хатшысы етіп тағайындады. Сол кезеңде Бейбарыс басқарған Мәмлүк мемлекетінің әскері орта ғасырдағы екі ірі қолға – «крест жорығы» мен моңғол басқыншыларына тойтарыс берді.

1260 жылы Күтіз сұлтан қайтыс болғаннан кейін, Бейбарыс таққа отырды. Мысыр мемлекет басына мәмлүк (қыпшақ) әулетінің келуімен және алтын Ордамен байланыстың нығаюына орай жедел қарқынмен дамыды.

Билік тізгінін мықтап қолға алған Бейбарыс әр қаланы күшейтіп, әрбір қалада тұрақты әскер ұстады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты. Сарай маңында орын алатын өзара қырқысуларды түпкілікті тоқтатты. Арналық жүйені енгізді. Мәмлүк мемлекеті көркейе түсті. Мәмлүктерге әлемнің түкпір-түкпірінен көпестер ағылып келе бастады. Барлық өзендерге көпір және әрбір қалаға бір мешіттен салынды. Бейбарыс шығыстағы барлық араб иеліктерінің әміршісі деген атаққа қол жеткізді.

 

 6. Бейбарыс қатардағы құлдан Мәмлүк мемлекетінің сұлтаны дәрежесіне қалай көтерілді?

A) Әскери төңкеріс арқылы.           B) Кресшілердің көмегімен.

C) Айламен.        D) Әскери өнерімен.        E) Арабтардың көмегімен.

 7. Бейбарыс Мысыр еліне қалай келді?

A) Білім алуға келді.          B) Сауда жасауға келді.     C) Ел аралап келді.

D) Соғысқа қатысты.   E) Құлдыққа сатылды.

 8. Бейбарыс сұлтанның  шыққан тегін көрсетіңіз?

A) Оғыз.         B) Түрік.        C) Сақ.        D) Қыпшақ.       E) Араб.

 9. Бейбарыс сұлтанның  билігінің ең көрнекті нәтижесін көрсетіңіз?

A) Мемлекеттегі тәртіпті нығайтты.

B) Мысырды моңғол шапқыншыларынан қорғап қалды.

C) Орта Азиядағы селжүктерді, кіші Арменияны толығымен өзіне бағындырды.

D) Мәмлүктер мемлекетін ірі державаға айналдырды.

E) Мысырды кресшілерден тазартты.

10. Бейбарыс сұлтан туралы мәтін  оқырманның қандай сезімін тудырады?

A) Мақтаныш.      B) Қуаныш.       C) Алғыс.     D) Қорқыныш.   E) Өкініш.

Просмотров: 2167


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст