«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Вознесенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Вознесенка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған оқу сауаттылығы мәтіні

27.04.2017

1-мәтін. 

                                                              

Ғалым туралы естелік 

Омбыдағы Кадет корпусында Шоқан Потанинмен дос

болады. Потанин – қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеуші, ғалым Шоқан туралы

естеліктерінде былай деп жазады: «...Мен Шоқанмен корпусқа оқуға келгенде

таныстым. Ол орысша білмеді, мен қазақша білмедім. Бірақ Шоқан орыс тілін тез

үйреніп алды. Екеуміз де кітап оқуды жақсы көрдік, әсіресе саяхатшылар туралы

кітапқа қатты қызығатынбыз, сондықтан екеуміз жақсы дос болып кеттік. 

Мен қазақ даласы мен географиясы туралы

білгенімді дәптерге жазып жүрдім. Шоқан сол жазуларды өз әңгімесімен

толықтырады. Сөйтіп, біз қазақтардың бүркітпен аңға шығуын толық жаздық. 

Шоқан кейіннен оқуда орыс достарынан да озып

кетті. Ақылды, дарынды балаға үлкендер де қызыға қарайтын. Демалыс күндері оны

офицерлер мен Сібір шенеуніктері үйлеріне шақыратын. Ол қаладағы өнерлі,

білімді адамдармен көп араласып тұрды. 

Шоқан өте көп оқитын, саяхатшы болуды

армандайтын. Қаладағы кітапханадан кітап алу сол кезде тек Шоқанға ғана рұқсат

етілді. Ол әкелген кітаптарды мен де оқитынмын. 

Біз Шоқаннан үлкен болсақ та, білім жағынан ол

бізден әлдеқайда жоғары еді. Корпус оқушылары үшін Шоқан «Еуропаға ашылған

терезе» секілді еді». 


1-мәтінге байланысты тест тапсырмалары 

1.

Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз. 

А) Ш.Уәлиханов Кадет корпусында оқыды. 

В) Шоқан Потанинмен жақын жолдас болды. 

С) Потанин Шоқаннан бірнеше жас кіші болды. 

D) Екі дос саяхатшылар туралы кітаптарды көп

оқитын. 

2.

Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз. 

А) Шоқан Омбыда қайда тұрды? 

В) Шоқан кітапханада кіммен танысты? 

С) Шоқан мен Потанин қалай дос болды? 

D) Шоқанның саяхатқа кімдермен барды? 

3.

Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз. 

А) Шоқан өте дарынды, алғыр еді. 

В) Шоқан ешкімге сырын айтпайтын. 

С) Шоқанның достары қазақша жақсы білді. 

D) Шоқан дарынды балаларға қызыға қарайтын. 

4.

Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз. 

А) Омбы, естелік, саяхат 

В) Қазақ, Шоқан, география 

С) Шоқан, Потанин, дос, оқу 

D) Шоқан, кітапхана, Еуропа 

5. Мәтін

бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз. 

А) Шоқанның өнерлі достары өте көп. 

В) Ол білімді адамдармен жақсы таныс болатын. 

С) Шоқан қаладағы өнерлі, білімді адамдармен

жақын араласты. 

D) Шоқан қаладағы өнерлі, дарынды балалармен

араласып тұратын. 

6.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. 

А) Шоқанның орыс тілін тез меңгеруі 

В) Шоқанның саяхатшы болуды армандауы 

С) Оқу кезіндегі Шоқанның зеректік танытуы 

D) Шоқанның корпус оқушыларынан ерекшелігі 


Просмотров: 3611


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст