«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Вознесенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Вознесенка отдела образования по  Буландынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

     

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ОЖСБ 1 нұсқа

17.03.2017

9 сынып 1 НҰСҚА

 

1.      Бай сөзінің антонимін белгілеңіз.

А) Артық. В) Тар. С)

Жіңішке. D) Кедей. Е) Мектеп

2.      Бірыңғай жуан дауыстылы сөзді табыңыз.

А) Келді. В) Пісті. С)

Егін. D) Ыстық. Е) Өмір.

3.      Ашық буыннан ғана тұратын сөзді табыңыз.

А) Дастарқан. В) Тамыр.

С) Тамаша. D) Арқар. Е) Шам.

4.      Көптік жалғауды сөзді көрсетіңіз. 

А) Бұйымдар. В)

Ер-тұрман. С) Сомдалған. D) Дүкенші. Е) Емен.

5.      Түбір сөзді табыңыз.

А) Ақылсыз. В) Малды. С)

Ақылбек. D) Кәмпитсүйгіш. Е) Ақыл.

6.       Топтау сан есімді

анықтаңыз.                                                                                                                                   А)Алпыстай. B)

Отызғатарта.   C) Қырыққатаяу.   D) Екі-екіден.  E) Ондаған.

7.      “Су жүрек” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз.                                                                                            A) Аз.  B) Көп.  

C) Батыл.  D) Қорқақ.  E) Момын.

8.      Дара сын есімді көрсетіңіз.                                                                                                    

                                               A) Өте әдемі.B) Қызыл ала.C)

Ұзын бойлы.D) Әдемі. E) Әп-әдемі.

9.     

 Болымсыз етістіктің жұрнағы жалғанып тұрған

сөзді көрсетіңіз.

А)Кел(ме)й ме?  B) Отырған(жоқ).  C) Келген(жоқ).  D) Отыр(мақ). 

E) Барасың(ба?).

10. Септеулік шылауды

табыңыз.

A) Алыс пен жақынды

жортқан білер.    B) Бірақ бой

жағынан екеуі де қатарлас түсті.  

C) Жолшыбай аптап

ыстық еңсемізді көтертпей қойған-ды.

D) Колхоз үшін балық

аулау маңыздырақ қой. 

 E) Күн еңкейе

барып, қалың орманға батты.

11. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.

A) Түн ұйқысын төрт

бөлді, ә                 B)

«Көрер таңды көзімен атырды» демекпісің 

C) Күләш – белгілі

әнші     D)

Шығарманың көркемдігі ме  

E) Жазбай қойғанбысың

12. Антонимді

қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.                                                                                                                           A) Ауыл-аймақ.  B)

Қысы-жазы. 

C) Ат-мат.  D) Дүркін-дүркін.  E)

Жарқ-жұрқ.

13. Сөйлем түрін анықтаңыз.

Бұрын сыныпта,

балалар арасында, өзін өзгеше биік санайтын оның осы арада бірінші рет сағы

сынды.

A)    Атаулы.  B) Жақты.  

C) Жақсыз.  D) Жалаң.   E) Құрмалас.

14. 

Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

A) Күзетші сезіп

қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.

B) Оның құр

мақтанғаны болмаса, қолынан ештеңе келмейді.

C) Есікте жүріп

оңбайтынымды білген соң, өз тұсымнан талпынып байқадым.

D) Жақсының басына іс

түссе, ашынар да ашылар.

E) Дауыс құлағына

тигенше, Ботагөз бетінен алақанын алған жоқ

  15. Нүктенің қойылу себебін анықтаңыз.    Түн.

Қала. Тыныштық.

  A) Қысқарған

сөз.   B) Атаулы сөйлем.  C) Толымсыз сөйлем.

 D) Жақсыз

сөйлем.   E) Түбір сөз.

 



 

 

 

3-мәтін.  

Тағылым отбасынан басталады 

                  Жалпы,

шаңырақ құру – күллі адамзаттық дәстүр екені түсінікті. Бірақ жер бетінде қанша

халық болса, бұл дәстүрдің сипаттары да соншама сан алуан. Өйткені әр халық

өзінің шаңырақ көтеру қуанышын өз тұрмыс-салттарына лайықтап, өздерінше

қызықтауға тырысады. Осы үрдісті қазақ халқы да ғасырлар бойы өзгеге ұқсатпай,

өздерінше дамытқаны анық. Олай болса, қазақтың шаңырақ көтеру сәтіндегі өзіндік

ерекшеліктері бар. 

               Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, жаңадан көтерілер шаңырақтың мақсаты

мен мәні ең әуелі тегіне орай үндестіріліп, ата-ананың ризашылықтарына

негізделіп шешілетін. Мұнда негізгі қағида ретінде, тектілік пен адамгершілік

парыздары бағдарға алынатын. Сондықтан бұл дәстүрді қазақ халқы сонау ерте

ғасырлардан бері қарай жеті атаға дейін қыз алыспау салтымен орайластыра

білгені белгілі. 

«Өткенді білмей, келешекті білу мүмкін емес.

Бұрынғының парқын білгендер, бүгінгінің нарқын ұғады»,-деген болатын Ғабит

Мүсірепов атамыз. Халқымызда бұрыннан бар, әдет-ғұрып, дәстүрге мүмкіндігінше

қанық болғанымыз жөн. 

               Қазақ халқының салт-дәстүріндегі бір ғана бала тәрбиесіне байланысты

кәде-жоралғы бойынша даналық кітабын жасаса, кейінгі ұрпаққа асыл қазына

ретінде тарту етуге тұрарлықтай кітап шығар еді. Мәселен, өмірге ұрпақ жалғасы

нәресте келгендегі ел қуанышының жарқын көрінісі – сүйінші, көрімдік сұрау,

байғазы беру өте жарамды дәстүр емес пе? Сол перзентке арналған шілдехана,

балаға ат қою, бесікке салу, бесік жыры, бесік тойы, нәрестені қырқынан шығару,

тіл ашар, тұсау кесер, атқа мінгізу, сүндет тойы – осының барлығы халқымыздың тот

баспайтын асыл қазынасы. 

                 Ата-бабамыз ұрпақ тәрбиесіне аса зор мән береді. Өйткені, ұрпақ –

болашақ. Оны әбден түсінген халық: «Балаңды беске дейін патшадай күт, он беске

дейін қосшыңдай жұмса, он бестен кейін құрдасыңдай сыйла»,-деп бүкіл тәрбиелік

тағылымды үш-ақ сөзге сыйдырады. «Патшадай күт» дегені – қамқоршы бол, өсір,

мәпеле, жас шыбықтай баулы дегені, «қосшыңдай жұмса» дегені – жәрдемшің ет,

жұмысқа сал, буынын бекіт, еріншектерден аулақтат дегені, ал «құрбыңдай сыйла»

дегені – балаңа ес кірді, ақыл иесі болды, енді оның отау құруы жақын, оның да

түбі өзіңдей ұрпақ қамқоршысы болатынын естен шығарма дегені. Ал осы ұлағатты

сөзде ұрыс, ренжіт, қорқыт, еңсесін түсір деген бірде-бір сөз айтылмайды.

Қазақтың ұрпақ өсіру пәлсапасы, міне, осындай қарапайымдылыққа құрылған. 

                Табиғатқа иелік етер күші болса да, адамды өзге тіршілікпен тең ұстаған

да – қазақ. Бесіктегі қимасына «асқарым, асқағым» деп емес, жан-жануармен,

жәндік атаулымен тағдырластығын мойындатып, «құлыным, ботам, қошақаным» деп

еркелету де, шыбынға да қиянат болмасын деп, «шыбыным» деп айналу да алдымен

қазаққа тән. Бүкіл болмысы, шыбын жаны перзенттің үстінде болған қазақтың

баласын шамадан тыс тойындырып, ошақтың түбінде қорғаштағаны да ешбір тарихта

жоқ. Жеті жасар айдарлысын жауға аттандырып, он бесіндегі ұлына ел басқартқан

халық бұл! 



 

 

 

 

 

 

3-мәтінге байланысты тест тапсырмалары . Задания к

тексту


16.  Мәтін мазмұны бойынша дұрыс нұсқасын

көрсетіңіз. 

Барлық

адамзатқа тән дәстүр – ... . 

A) тұсау кесу 

B) сүйінші сұрау 

C) шаңырақ құру 

D) баланы бесігіне салу 


17.

Сөйлемді жалғастырыңыз.    Әр халық шаңырақ құру салтын ... . 

A) жағдайына қарай лайықтайды 

B) даму жағдайымен байланыстырады 

C) әдет-ғұрпына қарай ыңғайлайды 

D) жалпыңа ортақ салты бойынша қызықтайды 


18. Мәтін

мазмұнына орай толық және нақты нұсқаны таңдаңыз. 

Шаңырақ

көтеру ... . 

A) ата-анасының жағдайына байланысты 

B)ата-анасының көңіл-күйіне негізделеді 

C) ата-ананың ризашылығына негізделеді 

D) тегіне, ата-анасының көңілдеріне байланысты 


19.

Мәтінге сәйкес сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 

Қазақтың

шаңырақ құрудағы негізгі салты – ... . 

A) тектілік парыздарын сақтау 

B) жеті атаға дейін қыз алыспау 

C) адамгершілік парыздарын сақтау 

D) жеті атаға дейін ауылдас қыздарды алмау 


20. Сөйлемді

толықтырыңыз. 

Балаңды беске дейін ... күт, он беске дейін

... жұмса, он бестен кейін ... сыйла. 

A) құрбыңдай, құлыңдай, патшадай 

B) досыңдай, құлыңдай, теңдесіңдей 

C) билеушіңдей, құлыңдай, теңдесіңдей 

D) патшадай, теңдесіңдей, құрдасыңдай

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1019


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст